Абель Санчес алғаш рет Альвареспен жекпе-жекке өз бағасын берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Сауль Альвареспен болған қарымта кездесудегі төрешілердің берген бағасына таңғалғанын ашып айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Екінші кездесуде «Канело» төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын: 115-113, 114-114, 115-113.

«Канелоның» екпіні бізді аса таңғалдыра қойған жоқ. Ол алға ұмтыла жүріп ұрыс салғаны - таңдаған тәсілі ғана. Бізді таңғалдырған төрешілердің шешімі: мен Головкин жеңді деп ойлап тұрғам, себебі ол қарсыласына қарағанда нәтижелі өнер көрсетті, сол қолмен дәл соққылар (джеб) жасады. Шынымды айтсам, мен төрешілердің қалай осындай шешім шығарғанын түсіне алмаймын. Мен ешкімге мұң шаққым келмейді және ақталғым да келіп отырған жоқ. Иә, бұл қоян-қолтық ұрыс болды. Бірақ біз жеңілген жоқпыз, бізге жеңілді деген шешім шығарды. Мен Головкин кем дегенде 7-5 есебімен жеңді деп отырмын, бұл пікіріммен көптеген БАҚ және жанкүйерлер келіседі», - деді Санчес Ring TV-ге берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар