Әбділдә Тәжібаев мұражайы жаңа мұрағаттармен толығады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы ақынның музейі жаңа мұрағаттармен толығатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында қолға алынып отыр.

Шиелі ауданында Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығы жоғары деңгейде аталып өтті. Сол мәдени шаралардан кейін ақынның туыстары Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ақынның музейінде болды. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктер айтылды.Алдағы уақытта музей қорын жаңа жәдігерлер және фотосуреттермен толығатын болды.

Бұдан бұрын Шиелі ауданында «Сырда туған сырбаз ақын» тақырыбында облыстық жыр мүшәйрасы өткізілді. Шара барысында қазақтың ұлттық күйлері орындалып, арнайы қойылым көрсетілді. Жас ақындар жалынды жырларымен жүректерді жылытып, өлеңдерін қазақ әдебиетінің майталманы, ақын Әбділдә Тәжібаевқа арнады.

Сондай-ақ, қызылордалық оқушылар Шиелі ауданында қазақ дәстүрімен танысты.

Соңғы жаңалықтар