Абдалы Нұралиев – Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы

None
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда VIIІ шақырылым депутаттарының қатысуымен Жамбыл облыстық мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сессияны облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов жүргізіп отырды. Ол 19 наурызда өткен сайлаудың қорытындылары, депутаттық корпустың сапалық құрамы туралы баяндады.

Ал, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов жаңадан сайланған депутаттардың жұмысына табыс тіледі.

«Облыс экономикасын дамытуға, жамбылдықтардың әл-ауқатын жақсартуға байланысты мәселелерді жергілікті билік органдарымен бірлесе отырып шешуге күш саласыздар деп ойлаймын. Атқаратын жұмыс көп, алдымызға ауқымды мақсаттар мен міндеттер қойып отырмыз. Ең алдымен, бюджет қаражатын тиімді әрі сапалы игеруге баса назар аудару қажет», - деді облыс әкімі.

Сессияда депутаттардың бірауыздан қолдауымен Абдалы Нұралиев Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы болып сайланды.

Сессияда мәслихаттың тұрақты комиссиялары да құрылып, олардың жетекшілері сайланды.


Соңғы жаңалықтар