ABBA квартеті 36 жылдан кейін қайта жиналып, көпшілік алдына шықты
2022 жылғы 27 мамыр 22:30

ABBA квартеті 36 жылдан кейін қайта жиналып, көпшілік алдына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Швециялық ABBA квартеті 36 жылдан кейін қайта жиналды. Олар тыңдарман алдына шығып, ең танымал әндерін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews сайтына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, Лондондағы ABBA Voyage резиденциясында квартеттің виртуалды аватарлары ән айтады. Резиденцияның ашылуын көппен бірге әншілердің өздері де толық құрамда тамашалады.

«Мен аватарымды сахнадан көргенде, өзімді сол экрандағы жігітке жан бітіргендей сезіндім», - дейді ABBA тобының бұрынғы мүшесі Бьорн Ульвеус.

Қазір квартет мүшелері мен олардың тыңдармандарының жасы да 70-тен асып кеткен. Алайда, виртуалды алаңдағы әншілер 1979 жылғы кейпінде жасалған.

«Бұл ABBA-ның нағыз отбасылық мерекесі болды. Ғажап. Мен мұндай міндетті түрде тағы келемін», - дейді топ жанкүйерлерінің бірі.

Әншілердің виртуалды нұсқасын жасаушылар мейлінше түпнұсқаға жақындату үшін олардың қимыл-қозғалысын айнытпай салған. Ал, цифрлық киімдерін Dolce&Gabbana сән үйі жасап шығыпты.



Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT