+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

«Абайтану» оқулығы мен хрестоматиясын әзірлеу қажет - Қасым-Жомарт Тоқаев

2020 жылғы 10 тамыз 10:05
Бөлісіңіз:
«Абайтану» оқулығы мен хрестоматиясын әзірлеу қажет - Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Абайдың «толық адам» ілімі жан-жақты әрі терең зерттелуге тиіс. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған «Абай – рухани реформатор» атты мақаласында осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Арыстың зиялы қауымы Абайдың ауылына аттанды

«Қазір елімізде абайтанумен айналысатын бірнеше ғылыми-зерттеу орталығы бар. Осылардың жұмысын жүйелеп, елордамыздағы Абай академиясының төңірегіне топтастырған жөн. Академия барлық зерттеу мекемелерінің жұмысын ғылыми тұрғыдан үйлестіруші міндетін атқара алады. Алдағы уақытта гуманитарлық пәндердің бөлінбес бөлшегі ретінде «Абайтану» курсын оқыту мәселесін қолға алу керек. Жаңа философиялық және саяси ұстаным тұрғысынан «Абайтану» оқулығы мен хрестоматиясын әзірлеу қажет. Сондай-ақ Абайдың «толық адам» ілімі жан-жақты әрі терең зерттелуге тиіс. Біз Абайды ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде әлемге танытуымыз керек» - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті сонымен қатар Абайды ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани реформатор ретінде дәріптеуге міндетті екендігімізді баса айтады.

«Түптеп келгенде, әрбір қазақ Абаймен мақтануға тиіс! Халқымыздың ұлы перзентінің торқалы тойы құтты болсын!», - деп түйіндейді ойын Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT