Абайсызда бөтелкелесін жер жастандырған зейнеткерге үкім шығарылды - Маңғыстау облысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық сотында зейнет жасындағы азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.

Сот отырысында анықталғандай, 2015 жылдың қыркүйек айында Ақшұқыр ауылындағы өз үйінің ауласында орналасқан сарай ішінде азамат Б., М. және Т. үшеуі арақ ішіп отырған кезде, М. екеуінің арасында келіспеушіліктер туындап, М-ның кеудесінен итеріп жіберген. Осы сәтте ол шалқалай құлап, артында тұрған шкафтың бұрышына желке тұсымен соғылған. Арада 1 ай 13 күн өткенде облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде М. қайтыс болған.

Сотта сотталушы Б. өзінің жасаған қылмыстық әрекетін толық мойындаған.

Сот үкімімен Б. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігімен (абайсызда кісі өлтіру) кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай мерзімге шартты түрдегі жаза тағайындалған.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Соңғы жаңалықтар