+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Абайға арналған республикалық онлайн поэзия фестивалі аяқталды

2020 жылғы 12 тамыз 12:18
Бөлісіңіз:
Абайға арналған республикалық онлайн поэзия фестивалі аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10-11 тамыз күндері Абай күні және ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай республикалық деңгейде онлайн поэзия фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Абай мерейтойы: Ел өңірлері Семей қаласын абаттандырып жатыр Францияда Абай мұрасын насихаттап жүрген қазақ қызы мәдениет саласының үздігі атанды Жансейіт Түймебаев ҚХА құрылғалы қандай жобалар жүзеге асқанын айтты

Шараны ұйымдастырушы Қазақстан халқы Ассамблеясынан мәлім еткендей, фестивальдің негізгі мақсаты – ағартушы-ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау, мемлекеттік тілді қолдануды кеңейту.

Поэзия фестиваліне этномәдени бірлестіктер арасында 175 этнос өкілі қатысатыны күтілген еді. Олар қазақ тілінде Абайдың 175 өлеңін оқып, әлеуметтік желіде видеолар жариялауы тиіс болды.

Алайда ақынның шығармашылығына қызығушылық білдіргендер саны әлдеқайда көп болды.

«Нәтижесінде ҚХА-ның баспасөз қызметіне 705 бейнеролик келіп түсті. Оның ішінде 521 қатысушы ақын өлеңдері мен аудармаларын қазақ тілінде асқақтатса, 127-сі басқа тілдерде айшықтауға тырысты. 126 өнерпаз Абай әндерін шырқап, қара сөздерін нақышына келтіріп жеткізді», - деді ҚХА-дан.

Барлық видеолар мен роликтер Ассамблея сайты мен өңірлік құрылымдарының Facebook, Instagram, VКontakte, YouТube, Telegram каналында, түрлі ақпараттық сайттарда жарияланды.

«Бұған қосымша, Абай күнінде ҚХА ғалымдары мен сарапшылары Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың «Абай – рухани реформатор» мақаласының маңыздылығын талқылап, БАҚ беттерінде 50-ден астам пікір жариялады.

Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Абай күніне арналған іс-шараларына республика бойынша 27 795 этнос өкілі қатысса, онлайн конференцияға Facebook пен Zoom арқылы 965 сарапшы-ғалымдар мен тарихшылар қатысты», - делінген ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT