Абайдың туған жері Сырт Қасқабұлаққа абаттандыру жұмыстары жүргізілмек

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ұлы ақынның кіндік қаны тамған жер -Сырт Қасқабұлаққа абаттандыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтің айтуынша, биыл Абайдың 175 жылдығына орай Семей қаласы мен Абай ауданында түрлі мәдени нысандар салуға және жөндеуге, сондай-ақ абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына бағытталған 88 жоба іске асырылмақ.

«Атап айтсақ, Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында 300 оқушыға арналған мектеп салынып, облыстық маңызы бар көлік жолдары жөнделеді. «Жидебай» мемориалдық кешенінде Абай атындағы музейдің құрылысы жүргізіліп, хәкімнің туған ауылы Сырт Қасқабұлақ абаттандырылады» - дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да Абай мерейтойына орай 560 шара өтетіні хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар