Абайдың құрметіне Көкшетаудағы автобус аялдамасына Qr-box орнатылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда Абай көшесінің бойындағы автобус аялдамасына орнатылған Qr-box таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Qr-box арқылы кез келген адам смартфонның көмегімен Абайдың шығармалары, аудармалары және ұлағатты сөздері туралы мәлімет ала алады.

Қалалық мәдениет бөлімінің мәліметінше, таныстырылым кезінде волонтерлер ақынның сөзі жазылған парақшалар таратты, автобус жолаушыларына Абайдың шығармашылығы туралы мерейтойлық акция ұйымдастырылды.

Тәулік бойы Абайдың шығармашылығынан «Торы жорға», «Сегіз аяқ», «Жыл мезгілдері» шығармалары орындалды.

Абай көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына салынған ақынның алып суреті мерейтойдың шырайын аша түсті.

Ұлы ақынның суретін сала отырып, «Көзімнің қарасын» нақышына келтіре орындаған суретші-граффитист Ернұр Сәрсекеев қала тұрғындарын таң қалдырды.


Соңғы жаңалықтар