+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Абайдың қара сөздері украин тіліне аударылды

2020 жылғы 16 шілде 18:23
Бөлісіңіз:
Абайдың қара сөздері украин тіліне аударылды

КИЕВ. ҚазАқпарат – Украинадағы Қазақстанның Елшілігі Абайдың қара сөздерінің украин тіліндегі аудармасын жарыққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Кітаптың таныстырылымы 2020 жылдың 15 шілдесінде Канев қаласындағы Украинның ұлы ақыны әрі суретшісі Тарас Шевченко атындағы музейде өтті.

«Украинадағы Қазақстанның Елшісі Дархан Кәлетаев шараға қатысушыларға Абайдың өлмес мұрасы мен шығармашылығы туралы айтып берді. Аударма авторы – филология ғылымдарының докторы, профессор Николай Васьков Абай шығармасы турасында өз әсерімен бөлісті. Ол Абайдың ұлылығы шығармасында ғана емес, өмір сүру салтында, патриотизмінде, ұлт алдындағы жауапкершілігінде екенін атап өтті», - деп хабарлайды Украинадағы Қазақстанның Елшілігінен.

Т.Шевченко атындағы музей директоры Игорь Лиховой Абай мен Кобзарьдың ұқсастығы туралы ой өрбітті. Екі елдің ұлы ойшылдары оның ойынша, адамдарды өзін-өзі дамытуға, әділеттік пен мейірімділікке шақыра отырып, ұлттық санада төңкеріс жасаған.

Украинадағы қазақ диаспорасының өкілдері Абай туралы білімдерімен бөлісіп қана қоймай, ойшылдың сөздері мен өлеңдерін қазақша оқып берді.


Шараға сонымен бірге Украинаның жергілікті интелегенциясының, академиялық ортасының, сарапшылар бірлестігінің, сондай-ақ мемлекеттік басқару органының өкілдері қатысты.

Елшілік музей мен облыстық мемлекеттік әкімшілікке кітаптың бірнеше данасын тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT