Абайдың атын қалаға бере алмай жүргенде тұтас бір облыс ақын есімін иеленді - Қазыбек Иса

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса Президент Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутаттың айтуынша, Мемлекет басшысы мәлімдеген «Жаңа Қазақстанды» құруға нақты қадам жасалды деп нық сеніммен айтуға болады.

«Бұдан былай Президент ешқандай партия мүшесі болмайды. Әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарын басқаруға тыйым салынады. Парламентке енді ешқандай партияда жоқ халық өкілдері де сайлана алады. Әр аймақтан Мәжіліске бір-бір өкіл сайлана алады. Парламент сайлауы 70 пайыз - пропорционалдық, 30 пайыз - мажоритарлық жүйемен сайланады. Парламенттің өкілеттігі күшейеді. Партия құру үшін бұрынғы межеден 4 есе аз 5 мың мүше жеткілікті болады. Бұл парламенттегі партиялар санын көбейтеді. Конституциялық сот қайта құрылады»,- деп жазды депутат.

Сондай-ақ ол жаңа облыстардың ашылуымен құттықтады.

Президент жолдауында «Ақ жол» партиясының бағдарламасындағы ұсыныстардың басым бөлігі орындалып жатқанына қуанышты екенін жеткізді.

«Мысалы, Парламенттің өкілеттігін кеңейту, Президенттің партияда болмауы, әкімдердің партия филиалдарын басқармауы және Семейді қайта облыс етіп ашу немесе жеке статус беру туралы партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев парламентте талай көтерген болатын. Біз үш-төрт жыл бұрын Семей қаласына Абайдың атын беру керек деп жазғанымызда көпшілігі қолдағанмен, қарсы шыққандар да болып еді. Міне, енді қала түгілі облысқа берілді Ұлы Абайдың аты. Парламентте халық мүддесін қорғап келе жатқан «Ақ жол» партиясы саяси бағдарламасының басым бөлігі Президент Жолдауында қолдау тауып, іске асып жатқаны үшін халыққа да, құрылғанына бүгін 20 жыл толып жатқан партиямызға да зор тарту деп білеміз. Иә, Жаңа дәуірді жасауға бәріміз өз үлесімізді қосуымыз керек»,- деп жазды Қазыбек Иса.


Соңғы жаңалықтар