+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Абайдың әнін шырқаған Әділхан Макин «Славян базарында» 1-орынды сақтап қалды

2019 жылғы 15 шілде 09:22
Бөлісіңіз:
Абайдың әнін шырқаған Әділхан Макин «Славян базарында» 1-орынды сақтап қалды

ВИТЕБСК. ҚазАқпарат - БЕЛТА – Қазақстандық әнші Әділхан Макин «Витебск-2019» эстрада әндерін орындаушылардың XXVIII Халықаралық байқауының екінші күн қорытындысы бойынша көш басында келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Витебскінің Жазғы амфитеатрында «Славян базары» байқауына қатысушы 16 жас дарын иесі әлемдік хит әндерді орындады. Әсіресе, What`s going on, Queen of the night, Hurt, I surrender, What`s up, She`s gone, Natural, My heart will go on сияқты ағылшын тіліндегі әндер көбірек айтылды.

Алғашқы күні 89 балл жинаған Әділхан кеше Дэвил Холл мен Джон Вотстың «Ол кетті» әнін керемет орындап шықты. Бұл жолы да ең жоғары (89) балға ие болған қазақ әншісі екі күннің қорытындысы бойынша 178 балмен көш басында келеді.

Әнді орындап болған соң Әділхан көрермендерге тағзым етіп, қазақ тілінде сәлемдеме жолдады. Әрі Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін сыйға тартты. Әділханның өнерін мына видеоның 32-минутынан бастап тамашалауға болады.

Екі күннің қорытындысы бойынша, Әділханның ізін қуып келе жатқандардың арасында Ваня Здонюк 170 балл, израильдік Илай 171 балл, ресейлік Иван Дятлов 168 балл, молдован Лидия Исак, Паулина, украин әншісі Дмитрий Бабак – 167, грузин әншісі Георгий Путкарадзе 171 балл жинаған.

Еске сала кетейік, кеше Әділхан Макин «Славян базарының» алғашқы күні ән айтумен бірге грэпплинг трюгін де тамаша орындағанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Өнер, Беларусь,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT