Абайдың 175 жылдығына орай түсірілетін телехикаяға кастинг жарияланды

2020 жылғы 6 ақпан, 10:28
Абайдың 175 жылдығына орай түсірілетін телехикаяға кастинг жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай түсіретін телехикая актерлеріне байқау жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат телеарнаның Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Кастингке арнайы актерлік қабілеті бар, 17 мен 40 жас аралығындағы қолаң шашты, қою қасты қыз-келіншектер мен 15 пен 50 жас аралығындағы кескін-келбеті келіскен, атқа міне алатын ер-азаматтар қатыса алады.

«Бұған дейін телехикаяның сценарийіне байқау жарияланып, отандық тәжірибелі өндірушілерден үш ай бойы өтінім қабылданған болатын. Бүгіннен бастап телерадиокорпорацияның шығармашылық бірлестігі мен арнайы құрылған Көркемдік кеңестің қабылдаған нұсқасы бойынша түсірілім жұмыстарына әзірлік басталды» делінген хабарламада.

Үміткерлер өзі туралы ақпаратты (фото, видео) 15 ақпанға дейін casting.abai@kaztrk.kz поштасына жолдай алады. Қосымша ақпарат: 8 747 706 64 94, 8 707 401 55 91.


Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar