+7 (701) 759 90 19
USD 425.49 EUR 512.84
RUB 5.63 CNY 64.83
Jańalyqtar

Абайдың 175 жылдығына орай Алматыда әдеби орталық ашылды

2020 жылғы 16 қаңтар 12:36
Бөлісіңіз:
Абайдың 175 жылдығына орай Алматыда әдеби орталық ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық кітапханың «Қазақстан кітаптары» оқу залында Абайдың 175 жылдығына арналған Абай әдеби орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға ақынның ұрпақтары, белгілі жазушылар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, оқытушылыр мен ЖОО студенттері қатысты.


Абай әдеби орталығының мақсаты – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, классигі Абайдың рухани мұрасын кеңінен насихаттау.

Әдеби орталық кітапхана қорынан Абай шығармаларынан және ол туралы материалдардан ашық қолжетімді көрме ұсынады. Онда ақын өмірі мен шығармашылығына арналған материалдар, ақын шығармалары мен әлем халықтарының түрлі тілдеріндегі аудармалары, белгілі абайтанушылардың, филологтар мен жазушылардың еңбектері, электрондық және музыкалық басылымдар, Абайдың толық шығармалары қойылған.


«Абайдың әдеби орталығын құру заңды және философиясын жаппай зерттеу саласындағы шығармашылық жобалар мен көптеген іс-шараларды ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ, орталық әйгілі жазушылармен және ақындармен кездесу, тақырыптық байқаулар мен экскурсиялар, бейнелеу өнері көрмелерін, Абай шығармаларын білуге арналған жоғары деңгейлі оқуларды ұйымдастыруға жағдай жасайды», - дейді Ұлттық кітпахана директоры Бақытжамал Оспанова.

Шара барысында ұлы ақынның өлеңдері оқылып, әндері орындалды. Абай мен Мұхтар Әуезовтің туыстары естелік айтты.

Сондай-ақ, жиналғандарға театрландырылған қойылым мен кітап көрмесі ұсынылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT