Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны «Татар-информ» қабыл алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны «Татар-информ» ұжымы қабыл алды. Бұл туралы «Татар-информ» жаңалықтар агенттігі хабарлады.

Агенттік бүгін «Татар-информ» Абайдың 175 жылдығына арналған флешмобқа қосылды» деген тақырыппен ақпарат таратты.

«Қазақстанда осы елдің Ұлы ақыны Абайдың туғанына 175 жыл толып отыр. Соның құрметіне орай арнайы флешмоб ұйымдастырылып ол Татарстанға де жетті. Татар әріптестеріне оны «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы тапсырды»,-делінген ақпаратта.

Сондай-ақ онда татар тілінде Абайдың өмірбаны мен шығармашылығы жөнінде біршама мағлұматтар берілген. Сонымен қатар онда флешмобты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 9 сынып оқушысынан қабыл алғандығы айтылған.

«Татар-информ» ұжымы Абайдың бір өлеңін оқыды. Флешмобқа агенттіктің бас редакторы Рәмис Латыйпов, тілшілер Динә Йосыпова мен Алинә Айдарова және лента редакторы Гөлфия Гобәйдуллина қатысқан. Сондай-ақ видеоблог авторы Илгиз Шәкүров те бар.

«Татар-информ» өкілдері #abai175 флешмобы эстафетасын ТНВ – «Яңа гасыр» телерадиокомпаниясына және «Болгар радиосына» тапсыратынын айтады.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жасар мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейін Ресейдің халық әртiсi Игорь Крутой Димаш жолдаған эстафетаны жалғастырып, Абай өлеңдерін оқыған болатын.

Аталмыш эстафетаны «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы «Egemen Qazaqstan» газетінен қабыл алып , Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады және эстафетаны «Татар-Информ» ақпарат агенттігіне, Қырғыз Республикасының «Кабар» ұлттық ақпарат агенттігіне, «Tengrinews» және NUR.KZ порталдарына жолдады.

Соңғы жаңалықтар