+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Абайдың 175 жылдығын атап өтуге лайықты дайындықпен келу керек - Мұрат Әуезов

2019 жылғы 18 шілде 13:01
Бөлісіңіз:
Абайдың 175 жылдығын атап өтуге лайықты дайындықпен келу керек - Мұрат Әуезов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ғалым, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын өткізуге лайықты дайындықпен келу керектігін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада «Абай әлемі» орталығы бой көтереді Abai175: Джеки Чан Абай өлеңін жатқа оқып, флешмобқа үн қосты Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтеді

«Комиссияның жиналуы дер кезінде жасалып отыр, алда ұйымдастыру шараларына уақыт бар. Осы орайда жақсы ұсыныстар жинақтап, келесі Абайдың 175 жылдығын тиісті деңгейде өткізуге мүмкіндік болады. Қазақ халқы үшін Абайдың маңызы өте жоғары. Елдің тұтастығы, бірлікті нығайту, болашаққа үмітпен қарау тұрғысында ағартушы өзінің ерекше мағыналық түсінігін берген. Осының барлығын ұғынып, түсініп, 2020 жылдағы ауқымды шараларға лайықты дайындықпен келуіміз керек. Өйткені Абайдың адамзат тарихында ерекше орны бар», - деді ғалым 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысының алдында.

Осы орайда ол өскелең ұрпақ ұлы ақынның кемеңгерлігін ұғынып, оның шығармаларына құрметпен қарау керектігін атап өтті.

Сонымен қатар М. Әуезов Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ақын өлеңдерін оқу эстафетасына қатысты пікір білдірді.

«Бұл бастама маған өте ұнады. Шынымен де Абай - халықтан ұлт жасайтын тұлға, қиын кезеңде халқымызды біріктіруде үлкен рөл атқарды», - деді Мұрат Әуезов.

Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Жиын барысында халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейдегі 500-ге жуық түрлі шара қамтылған Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына дайындалу мен өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасы қаралды.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жасар мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Әдебиет, #Аbai175,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT