+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Абайдың 175 жылдығы: Алматыда жастар зияткерлік квестке қатысты

2020 жылғы 20 ақпан 14:18
Бөлісіңіз:
Абайдың 175 жылдығы: Алматыда жастар зияткерлік квестке қатысты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыда Республика сарайында ғұлама ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай әлемдік ғажайып тұлға» атты әдеби сазды кеш өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирусқа байланысты Абайды ұлықтау шаралары басқа форматта өтеді - министр Өскеменде Абай мерейтойына орай «Көзімнің қарасы» атты көрме ашылды Шығыс Қазақстанда жел электр стансасына Абайдың аты берілмек

Көрмеде хакім Абайдың әр түрлі лирикалар және сатиралық өлеңдері, пейзаждық эскиздері, «Қара сөздері», орыс және шетелдік авторлардың аудармалары қойылды.

Сонымен қатар, көпшіліктің назарына Абайдың домбырасының түпнұсқасы ұсынылды. Көне жәдігер Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейінен жеткізілген.

Поэзия әуесқойларына «Поэтикалық микрофон: поэзия - тілдің билеушісі» алаңында «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» оқырмандары мен танымал ақындар Абайдың өлеңдерін оқыды.

Медеу ауданында орналасқан мәдени ұйымдардың өкілдері әншілер, ақындар, актерлер Абай мұраларынан ән-күйден шашу шашып, қойылым көрсетті.

Студенттер, мектеп оқушылары ойын алаңына «Абайдың шығармаларын білесіз бе?» зияткерлік квестіне қатысты.

Абай поэзиясын сүйетіндер үшін белгілі ақындар мен жазушылардың қатысуымен «Ұлы мұраны сақтау» мастер-класы және қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.

«Адамзаттың алыбы – хакім Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай елімізде Мемлекет басшысы жарлығымен Абайдың 175 жылдығын республикалық көлемде кең ауқымда мерекелеу қолға алынды. ҚР Мемлекет басшысы айтпақшы, бұл тойлау үшін емес рухани жаңғыру үшін жасалып жатыр. Соған байланысты Республика сарайының кіреберісінде «Абай әлемі» атты әдеби сазды кеш өткізіп жатырмыз. Сахнада «Алатау» дәстүрлі театр орындауында Абай әндеріне арналған арнайы қойылым қойылды. Абай рөлін актерлер сахналап жатыр», - деді Медеу аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев.

Мерекелік кеш соңында 40 жуық Абайдың ұрпағы «Көзімнің қарасы» әнін хормен орындады. Әдеби сазды кеш флешмобпен аяқталды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT