Абайдың 175 жылдығы: 40 мыңнан астам ақмолалық диктант жазды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Абайдың 175 жылдығына орай Көкшетауда 103 ұйым мен мекемедегі 40 мыңнан астам адам «Асыл сөзді іздесең...» тақырыбымен жалпықалалық диктантқа қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне сілтеме жасап.

«Диктантты жасы 15-тен жоғары 40 мыңнан астам адам жазды. Олардың арасында облыс орталығындағы қалалық мекемелер мен ұйымдардың еңбек ұжымдары, әділет қызметкерлері, цифрлық қызмет көрсету орталығы, банк саласы, денсаулық сақтау, БАҚ, өкілдері, оқушылар мен студенттері бар.


Диктанттың мәтіні ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және Қазақстан ХХІ ғасыр» мақаласынан үзінді алынды», - деді Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова.

Диктантқа қала басшысы Амангелді Смайылов та қатысты.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, 40 051 қатысушының 10 012-сі мемлекеттік қызметші, 9 372-сі азаматтық тұлға, 8 010-ны кәсіпорын еңбеккері, 572-сі тілдерді оқыту орталығының тыңдаушысы, 6 249-сы студент және 5 836-сы оқушы. Диктант сапасы 96,6 пайызға бағаланды.


Соңғы жаңалықтар