#Абай175: Жапониядағы елші Абайдың қара сөзінен қазақ және жапон тілінде оқыды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Жапониядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Абай шығармашылығына арналған эстафетаға үн қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат елшілікке сілтеме жасап.

«Құрметті достар «Ұлы дала елімен Күншығыс ел арасындағы достастық мәңгілік болсын» деген Такео Кавамура мырзаның достық туралы пікіріне қосыла отырып Абайдың асыл мұрасының 37-ші қара сөзінен үзінді оқып беруге рұқсат етіңіздер», деді эстафетаны қабыл алған Ерлан Баударбек-Қожатаев.


Елші мырза данышпанның достық жөніндегі ұлағатты сөзінен үзіндіні қазақша оқыған соң, оны жапон тіліне аударып шықты.

Ерлан Баударбек-Қожатаев эстафетаны «Сазген» ансамблінің жетекшісі Бағдат Тілегеновке жолдады.

Айта кетерлігі, бұған дейін поэтикалық эстафетаны қазақстандық әріптесінен қабылдап, Абайдың терең мағыналы қара сөздерінен үзінді оқыған жапондық депутат Такео Кавамура оны жалғастыруды Қазақстанның осы елдегі елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевқа ұсынған болатын.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған 9 жасар мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Аталмыш эстафетаны «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы «Egemen Qazaqstan» газетінен қабыл алып, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін бес тілде шырқады.

Соңғы жаңалықтар