+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

#Абай175: Өзбекстан Парламентінің спикері Нұрлан Нығматулиннен эстафетаны қабылдады

2019 жылғы 5 тамыз 10:26
Бөлісіңіз:
#Абай175: Өзбекстан Парламентінің спикері Нұрлан Нығматулиннен эстафетаны қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикері Нурдинжон Исмоилов Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннен қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына арналған челленджді қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Ұқсас жаңалықтар
#Абай175: Қазақстандық футболшылар Абайдың өлеңін оқыды

«Абай ақын әрі ұлы ойшыл бола отырып, халықтар арасында бейбітшілік салтанат құрғанда ғана қоғамның негізгі күштері: ғылым, озық ойлар, мәдениет дамиды деп санады», - дейді Олий Мажлис палатасының спикері.

Нурдинжон Исмоилов осы акцияның Өзбекстандағы Қазақстан жылы тойланып жатқан уақытқа тұспа-тұс келгенін атап өтті. Спикердің айтуынша, бұл – қазақ пен өзбектің мәңгі әрі шынайы достығының, мәдени әрі рухани бірлігінің символы.

«Туысқан екі халықтың тағдыры да, болашағы да ортақ», - деді өзбек спикері.

Ол Өзбекстанда жыл сайын 10 тамыз күні ұлы ақынның туған күніне орай салтанатты шаралар ұйымдастырылатынын, Ташкент мемлекеттік педагогика университетінде «Абай және өзбек әдебиеті» экспозициясы ашылғанын, оқушылар мен студенттер арасында Абай тақырыбына шығармалар байқауы өтетінін жеткізді.

Абайдың өлеңін өзбекше оқыған Нурдинжон Исмоилов эстафетаны Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалдыға жолдады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT