#Абай175: Қазақстандық футболшылар Абайдың өлеңін оқыды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының «Ertis» футбол клубының мүшелері ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаға қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарлық клубтың португалиялық легионері, әрі капитаны Карлос Фонсека, Руслан Есімов, Урош Витас, Дмитрий Шмидт, Тимур Молдинов және команданың өзге де ойыншылары Абайдың «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңін оқыды.

«Ertis» Қазақстан Премьер-лига командалары арасында аталмыш челленджге қатысқан алғашқы ұжым. Павлодарлықтар әрі қарай әдеби эстафетаны алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбеге» жолдады», - деп жазады портал.


Еске сала кетейік, Абайдың 175 жылдығына арналған челленджді Ләйлім Шырақ есімді тоғыз жасар мектеп оқушысы бастаған болатын. Әрі қарай бұл акцияны ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, белгілі әнші Димаш Құдайберген мен өзге де танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері қолдады.

Сондай-ақ «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы эстафетаны «Egemen Qazaqstan» газетінен қабыл алып, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқаған болатын. Кейін оны «Татар-Информ» ақпарат агенттігіне, Қырғыз Республикасының «Кабар» ұлттық ақпарат агенттігіне, «Tengrinews» және NUR.KZ порталдарына жолдаған еді.





Соңғы жаңалықтар