Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында тіркелетін көліктерді цифрлық таңбалау тәртібі айқындалды
2022 жылғы 27 маусым 11:44

Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында тіркелетін көліктерді цифрлық таңбалау тәртібі айқындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында жаңадан тіркелетін көліктер үшін цифрлық таңбалау тәртібі айқындалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда көлік құралын тіркеуде өңірлер бойынша сәйкестендіру үшін тиісті цифрлық таңбалау белгіленген. Бұл тұрғыда көлік нөмірлеріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.

«Осы орайда министрлік жаңадан құрылған үш облыс бойынша автокөліктердің мемлекеттік нөмірлеріне өңір кодтарын цифрлық белгілеудің ретін ұсынды. Атап айтқанда, Абай облысына - 18, Жетісу облысына - 19, сондай-ақ Ұлытау облысына 20 таңбасы белгіленбек», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Аталған үш облыста мемлекеттік нөмірдің жаңа цифрлық таңбасын енгізу барысында көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT