Абай және Ұлытау облыстарында төтенше жағдай департаментінің бастығы тағайындалды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығымен полковник Манарбек Қайыргелдіұлы Шапағатов - Абай облысы, ал Есен Әлмұханбетұлы Байыров - Ұлытау облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды. Олардың кандидатурасына Президент Әкімшілігі келіскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Манарбек Қайыргелдіұлы 1975 жылғы 3 ақпанда Көкшетау облысының Еңбекшілдер ауданында туған.

1995 жылы ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесін, 2005 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын тәмамдады. Мамандығы - өрт қауіпсіздік инженері.

Құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқарады. Өз қызметін Көкшетау облысының Щучье ауданы мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің инспекторы лауазымынан бастады.

Қызмет жылдары әртүрлі басшылық лауазымда еңбек етті.

2015 жылдан бастап Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Есен Әлмұханбетұлы 1974 жылғы 22 сәуірде Жезқазған облысының Ақадыр ауданында туған. 2005 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2011 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын тәмамдады.

Мамандығы - өрт қауіпсіздік инженері.

Құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етеді.

Өз қызметін Астана қаласының Мемлекеттік өртке қарсы қызметі № 19 өрт сөндіру бөлімінің кіші инспекторы лауазымынан бастады.

Әртүрлі басшылық лауазымда болған. 2020 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.



Соңғы жаңалықтар