+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Абай туралы телесериал түсіріледі - Astana Media Week

2019 жылғы 11 қыркүйек 11:57
Бөлісіңіз:
Абай туралы телесериал түсіріледі - Astana Media Week

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақтың бас ақыны Абай туралы телесериал түсіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Рухани жаңғыру: Түркістан облысында «Абай оқулары» онлайн байқауы өтті Оралда Жұбан ақынның 100 жылдығына арналған байқау мәреге жетті Ғалымдар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр

Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Танысбай Astana Media Week апталығында мәлімдеді.

«Жақында ғана «Абай» сериалына конкурс жарияладық. Әлбетте, бұл өте зор жауапкершілік болғандықтан бұл сериалды түсіруден жасқаншақтап отырған жайымыз бар. Конкурсқа алты компания ғана өтініш білдірген. Оның тек біреуінде ғана тарихи сериал түсіру тәжірибесі бар екен. Бұл бәріміз үшін үлкен проблема. Бәріне яғни, тәжірибе керек», - деді телекорпорация басшысы «Қазақстандағы кино мен сериалды дамыту» панельдік сессиясында.

Оның айтуынша, сериал келесі жылдың соңына дейін эфирге шығуы тиіс.

«Сериалды кім түсіретіні әлі белгісіз. Бірақ, сценарийге тапсырыс бердік. Актерлер кастингі де үлкен жұмыс, тапсырыс берушіге яғни, телеарнаға бірнеше адамды ұсынады. Олардың арасынан сәйкес актер бекітіледі. «Абай» сериалында бірнеше бас кейіпкер болуы мүмкін, себебі Абайдың балалық, жастық және ересек шағын қамтуды жоспарлап отырмыз», - деді Л. Танысбай.

Бұған дейін Ләззат Танысбай отандық сериал өндірудегі басты мәселелерді атаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT