+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Абай туралы фильм түсіру байқауы: Өтініштер қаңтардың соңына дейін қабылданады

2020 жылғы 16 қаңтар 11:45
Бөлісіңіз:
Абай туралы фильм түсіру байқауы: Өтініштер қаңтардың соңына дейін қабылданады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай туралы фильм түсіру конкурсына қатысуға алты адамнан өтініш түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына сілтеме жасап.

«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы «Абай» деректі фильмін, сонымен қатар толық метражды картина түсіруге дайындалып жатыр. Ол үшін конкурс жарияланды. 2020 жылдың қаңтар айының соңына дейін барлық түскен өтініштер қаралып, Сараптамалық кеңестің қорытындысы бойынша ведомствоаралық комиссияға қосымша қарау үшін жіберіледі. Комиссия мүшелері шешім шығарады», - деді ҰКҚМО өндіріс бойынша басқарма төрағасының орынбасары Олжабай Мұсабеков.

Оның айтуынша, фильм комиссия мүшелерінің ұсыныстарына сәйкес таңдалып, түсіріледі.

«Бүгінгі таңда конкурсқа қатысуға алты өтінім келіп түсті, оның ішінде фильм-опера, екі тарихи мелодрама, 30 сериядан тұратын деректі фильм, 15 сериялы қысқаметрлі фильм және тағы бір толықметражды фильм бар. Қосымша өтінімдерді күтеміз. Менің ойымша, қаңтардың соңына дейін бұдан да көп ұсыныстар болады», - дейді ол.

Орталық Қазақстан ақын, философ, ағартушы және ойшыл – ұлы Абайдың 175 жылдығын атап өтуге дайындалып жатқанын айтты. Мерейтойлық мерекелер Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылауында. Мемлекет басшысы құрылған комиссияға ЮНЕСКО мен Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының қолдауымен Қазақстанда және одан тыс жерлерде 500-ге жуық мерекелік іс-шара ұйымдастыруға дайындықты бастауды тапсырды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Абайдың 175 жылдық мерейтойына қандай іс-шаралар жоспарланғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Әдебиет, Өнер, #Аbai175,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT