Абай туған топыраққа келген адам бұл жердің киесін сезінеді, қасиетін ұғады - Президент

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысы жұртшылығымен кездесуі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Семей қаласының, Абай облысының Қазақстан тарихындағы орны ерекше, төл шежіремізде айрықша орны бар өлке. Бұл – қазаққа Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов сияқты біртуар перзенттерді сыйлаған ұлылар мекені.

Абай туған топыраққа келген адам бұл жердің киесін сезінеді, қасиетін ұғады.

Семей – ұлы даланың ұлағатты өлкесі. Бұл – Алаш арыстарының ізі қалған, зиялыларымыз елдің болашағы үшін күрескен қастерлі өңір», - деді Президент.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен барды.


Фото : t.me/bort_01




Соңғы жаңалықтар