Абай шығармаларын орындаған қарағандылық жастар марапатталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда Абай күнін мерекелеуге арналған әдеби онлайн-байқаудың қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Байқауға 14–29 жас аралығындағы 30 адам қатысты. Қатысушылар ұлы ақынның бір шығармасын мәнерлеп оқып, оны видеоға жазып, Instagram-дағы парақшасында 9 тамызға дейін @qaragandy_jastary хештегімен жариялауға тиіс болды. Бүгін біз байқаудың қорытындысын шығарып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттадық», – деді Қарағанды Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Сымбат Әубакірова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әдеби байқау жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы мен құрметін қалыптастыруға, ұлттық әдебиетті насихаттауға бағытталған.

«Байқауға қатысушылар келесі критерийлер бойынша бағаланды: мәнерлеп оқу, дикция, мимика. Олардың орындалуы бес балдық шек бойынша сараланды. Сайыста бірінші орынды Аяулым Назымхихмат иеленді. Екінші орын Айкен Сәрсенбаеваға бұйырды. Үздік үштікті Аяна Кенжехан тұйықтады. Олар дипломдар және естелік сыйлықтар алды», – деп қосты Сымбат Әубәкірова.



Соңғы жаңалықтар