+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Абай шығармалары әлемнің 30 тіліне аударылады

2019 жылғы 11 қараша 13:22
Бөлісіңіз:
Абай шығармалары әлемнің 30 тіліне аударылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақтың ұлы ақыны Абай шығармалары әлемнің 30 тіліне аударылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда Абай мен Естай Беркімбайұлына ескерткіш қойылады «Астана» арнасындағы әр бағдарлама Абай шығармашылығымен ұштастырылмақ Баку университетінде Абайға арналған кеш өтті

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай Құнанбайұлының шығармалары әлемнің 30 тіліне аударылады. Мұнан бөлек, Ресей Федерациясында қолданыс аясы кең 10 тілге Абайдың «Қара сөздері» мен өлеңдері атақты жазушылар мен аудармашылардың қатысуымен іждаһатпен аударылып, Ресей баспаларында басып шығару жоспарланған.

«Елшіліктер М.Әуезовтың «Абай жолы» романын араб, түрік, грек, армян, моңғол, вьетнам тілдеріне аударуға атсалысуға дайын. Кембридж университетінің баспасында Британдық кеңеспен бірлесіп, Абайдың өлеңдері мен қара сөздері кіретін жинақты ағылшын және қазақ тілдерінде басып шығарылады«, - деп атап өтеді ведомстводан.

Мұнан бөлек, еліміздің Сыртқы істер министрлігі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасымен және Ұлттық аударма бюросымен бірлесіп, шет тілдерде жарық көрген Абай шығармаларының тұсаукесерін Германия, Бельгия, Люксембург, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін халықаралық кітап көрмелерінде өткізбек.

Естеріңізге сала кетсек, таяуда Ақордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Абайдың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өткен болатын. Сол жиында 2020 жылдың 8 қаңтарында елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты шара өтетіндігі белгілі болған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Тіл, Әдебиет, #Аbai175,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT