«Абай» шахтасындағы апат: 2 кенші тірі табылды
2021 жылғы 7 қараша 11:34

«Абай» шахтасындағы апат: 2 кенші тірі табылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Абай» шахтасындағы апаттан кейін құтқару жұмыстары кезінде екі кенші тірі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құтқару жұмыстары барысында сағат 09:50-де кенжардың бергі жағында екі шахтёр тірі табылды, ал сағат 10:05-те қалған 6 кеншінің денелері табылды. Шахтаның қалған жұмысшылары зардап шеккен жоқ.

Еске салайық, 7 қараша күні сағат 08:24-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Абай» шахтасында метан газы тарай бастаған. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің мәліметінше, бұл кезде жер астында 64 адам болған. 52 кенші жер бетіне шығарылды.

Апат салдарынан екі адам зардап шегіп , алты кенші қаза тапты. Зардап шеккендер ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.




Jańalyqtar

MURAǴAT