«Абай» шахтасындағы апат: Апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі сағат 15.00-дегі жағдай бойынша, апат болған «Абай» шахтасындағы жұмыстар туралы ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында қазіргі уақытта құтқарушылар төтенше жағдайдан кейін қазбалардан газ шығару жұмыстарын орындап жатыр.

«Құрамында 12 адамы бар 2 тау-кен құтқару бөлімшесі метан газының кенеттен тарауынан кейін қазбаларды газсыздандыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Апаттық кенжарда атылған тау-кен массасының ұзындығы шамамен 20 метрді құрайды.

Шахтаның басқа жерлерінде ешқандай үйінділер жоқ», - деп түсіндірді Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының директоры Геннадий Силинский.

Еске салайық, 7 қараша күні сағат 08:24-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Абай» шахтасында метан газы тарай бастаған. Бұл уақытта шахтада 64 адам жұмыс істеп жатқан, 54-і эвакуацияланды. Апат салдарынан екі адам зардап шегіп, алты кенші қаза тапты. Зардап шеккендер ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан шахтерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек «Абай» шахтасында кеңес өткізді. Жағдай туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Андрей Черномаз және басқа да жауапты тұлғалар баяндады.

Жедел штаб құрылды, оған компания мен мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Облыс және компания басшылығы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына барады.

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің басшылығымен оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайтын мемлекеттік комиссия құрылды.

Апат салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендердің есімдері.

Соңғы жаңалықтар