+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.71 EUR 429.17
RUB 6.02 CNY 54.66
Jańalyqtar

Абай поэзиясына 130 жыл - дөңгелек үстел

2019 жылғы 23 тамыз 08:44
Бөлісіңіз:
Абай поэзиясына 130 жыл - дөңгелек үстел

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Абайдың 1889 жылы жазған 10 өлеңіне 130 жыл толады. Осыған қарай бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Абай поэзиясына 130 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды кітапхананың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімдер арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы байқау өтеді Әлібек Асқар: Ұлт ұстазын ұлықтайтын күн Қызылордалық жас өнертапқыш Яндекс компаниясынан шақырту алды

Аталмыш іс-шара барысында ғалым-абайтанушылар сөз сөйлеп, ұлы ақынның бүгінгі және ертеңгі күннің бейнесі болып табылатын тақырыптар мен шығармаларының сюжеттері талқыланып, талдау жасалады.

Атап айтқанда, «Есіңде бар ма, жас күнің», «Жүрегім менің қырық жамау», «Адам бір боқ көтерген боқтың қабы», «Күшік асырап ит еттім», «Сүйсіне алмадым, сүймедім», «Дүтбайға» (Жылуы жоқ бойының), «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен», М. Лермонтовтан аударған «Жалау», «Жартас» және «Жүректе көп қазына бар бәрі жақсы» атты өлеңдері бар.

«Дана Абайдың туындыларының әрқайсысы жеке зерттеуге, арнайы көсіліп жазуға сұранып тұрған рухани қазына. Абай өлеңдерінің маңызы өте зор, онда ақынның бүкіл өмірі бейнеленген, жарқын болашағы мен армандары туралы баяндалады. Оның уайымдатқан мәселелері қазіргі заманға сай келеді. Адамдарды адамгершілік, имандылық, гуманизм және бейбітшілік мәселелері әлі күнге дейін алаңдатып келеді. Бұл ақынның көркем сөзінің құдіреті. Абайдың шығармашылығы таңғажайып күш, керемет тереңдік пен жан-жақты болып келеді»,-деп жазады кітапхана өкілдері.

Іс-шараға абайтанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы, абайтанушы, мемлекет қайраткері, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір, ақын, абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов, ақын, филология ғылымдарының докторы Сағымбай Жұмағұлов, ақын, абайтанушы, «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты Ықылас Ожайұлы және т.б. қатысады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ғылым, Білім, Нұр-Сұлтан,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT