Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері қолдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері Абай өлеңдерін оқу эстафетасын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін елімізде қазақтың ұлы ақыны Абай күні аталып өтілуде.

«Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы және оның ой-тұжырымдары мемлекеттік қызметшілерге қашанда рухани азық. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері Абай күні қарсаңында Ұлы ақынның «Ғылым таппай мақтанба» атты өлең жолдарын оқыды. Аталған бейнеролик пгенттіктің әлеуметтік желіллердегі парақшаларында жарияланды», делінген хабарламада.


Агенттік қызметкерлері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырды.


Соңғы жаңалықтар