+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Абай өлеңдері Иранның Шираз қаласында оқылды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

2019 жылғы 7 қыркүйек 11:43
Бөлісіңіз:
Абай өлеңдері Иранның Шираз қаласында оқылды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Нұр-Сұлтан. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 20 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу Қазақстанда 19 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу Қазақстанда 18 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу

Қытайлық ЖОО-ы адам жүзін танитын аппараттың пайдасын көруде - «Жэньминь жибао» (People Daily)


Қытайдың Шиян қаласындағы Батыс солтүстік өнеркәсіп университеті адам жүзін жазбай танитын аппараттың пайдасын көруде, деп жазады «Жэньминь жибао» ақпараттық порталы.


Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, жаңа оқу маусымы басталысымен, Шияндағы Батыс солтүстік өнеркәсіп университетінде адам келбеті танитын аппарат кең көлемде қолданыла бастаған. Аталған заманауи құрылғы ЖОО-ың жатақханалары, кітапханалары, мәжіліс залдары, әкімшілік кеңсе ғимараты қатарлы 30 неше нысанды қамтыған. Бұл заманауи аппарат оқытушылар мен студенттердің тұрмысына өте қолайлы болып, университеттың қауыпсіздікті басқару жұмысын да барынша жеңілдеткен.



Иран мен Қазақстан өзара қарым-қатынасты дамыту қажеттігін қуаттауда - «Фарс» ақпарат агенттігі



Иран Ислам кеңесі мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі мен Қазақстанның Ирандағы елшісі Асқат Оразбай қос тараптың тиімді парламентаралық қарым-қатынасына ризашылық білдіріп, екі елдің байланыстарын жан-жақты дамыту қажеттігін қуаттады.

Бұл туралы осы аптада parstoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

Хосейн Амир Абдуллахиан Асқат Оразбаймен кездесуінде екі елдің қарым-қатынасына тоқталды. «Иран мен Қазақстанның әлеуеттерін әртүрлі салаларда қарым-қатынасты одан ары нығайту үшін пайдалану керек», - деді Хосейн Амир Абдуллахиан.

Амир Абдуллахиан Еуразия экономикалық одағына мүше елдер Парламенттерінің отырысын өткізуді маңызды деп атап өткен. «Елдер арасындағы байланыстарды дамытуда Парламенттердің дипломатиялық рөлі айтарлықтай», - деді Иран Ислам кеңесі мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі.

Ирандағы Қазақстан елшісі де осы кездесуде екі елдің қарым-қатынасын оңды деп бағалап, байланыстарды жан-жақты дамыту қажеттігін қуаттады. А. Оразбай, сондай-ақ, өзара экономикалық қатынасты кеңейту үшін ирандық және қазақстандық іскерлердің байланыстарын жеңілдету қажеттігін айтты.

«Алтын адам» Анкараға барады - TRT



Сақ жауынгерінің сауыты Анадолы Өркениеттер мұражайына қойылады. Қазақстанда 50 жыл бұрын табылған «Алтын адам» Анкарада көрмеге қойылады, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

«Қазақстан өкілетті елшілігінен алынған мәліметке қарағанда, біздің дәуірімізден бұрынғы 5-ғасырдан қалған, «Алтын адам» деп аталып кеткен Сақ жауынгерінің сауыты Анадолы Өркениеттер мұражайына қойылады. Қазақстан Ұлттық мұражайында сақталған «Алтын адам» бұдан бұрын Беларусь, Әзербайжан, Ресей, Қытай, Польша және Оңтүстік Кореяда көрмеге қойылды» деп жазады түркиялық БАҚ.

Абай өлеңдері Иранның Шираз қаласында оқылды - «Фарс» ақпарат агенттігі



Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай басталған ұлы ақын өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы Иранның Шираз қаласында жалғасын тапты, деп хабарлайды parstoday ақпарат агенттігі.

Аталған ақпарат көзінің мәліметінше, қазақстандық зейнеткер, қазақ тілі мен әдебиетінің ұстазы Майра Нұрмақова бұл жолғы шетелдік сапарында Абай өлеңдерін дәріптеуді қолға алған екен. Майра ханым бұл эстафетасын зиярат ете барған парсы шайырлары Хафиз және Сағдимен Абай өлеңдерін сәйкестіре оқыды.

«Батыс Қазақстан облысының Орал қаласынан Иранға туристік сапармен келген зейнеткер ұстаз Майра Нұрмақова Шираз қаласына сапары барысында парсы поэзиясының әйгілі шайырлары Хафиз бен Сағдидің кесенелеріне зиярат еткен. Сондай-ақ, осы жерде қазақстандық турист қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Сегіз аяқ» және «Ғылым таппай мақтанба» сынды танымал өлеңдерін жатқа оқып, эстафетаны жалғастырған» деп жазады parstoday.com.


Түркияның әлемге «қақпасы» ашылмақ - TRT



Анкара Бештепеде құрылысы жалғасып жатқан Президенттік кітапхана құрылысы аяқталып қалды. Кітапхана келесі айда президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен ашылады,

Деп жазады Түркия Радио Телевизия порталы.

Аталған БАҚ-тың мәліметінше, 24 сағат қызмет беретін кітапханада балалар үшін арнайы бөлім болады. 1 жарым миллион баспа туынды, 500 мың мерзімді басылым, 5 миллион кітаптан құралған Түркияның ең ірі кітапханасы жақында ашылады. Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын бұл кітапхана Түркияның әлемге ашылған қақпасы екенін айтқан.

«Президенттік кітапхана әрі біздің ілім, мәдениет, өнер мұрамызды көрсетеді, әрі әлемнің алдыңғы қатарлы мәдениет пен өркениеттерінің негізгі басылымдарын қамтиды деп жоспарлануда. Осы мағынада Түркияның әлемге ашылған қақпасы болады. Оқырмандар сөреден қалаған кітабын алып оқи алады. Сондай-ақ, кітаптарға, басылымдарға, газет-журналдарға электрондық платформада қол жеткізуге болады», дейді Ибрахим Калын.

Өзбекстанда өмір бойы жалақы алатын спортшылар саны қанша? - «ӨзА» ақпараттық агенттігі



Өзбекстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 10 тамыздағы «Беделді халықаралық спорт жарыстарында жоғары нәтижелерге қол жеткізген Өзбекстандық спортшыларды қоғамдық және спорттық іс-шараларға кеңінен тарту және спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын көтермелеу туралы» Жарлығына сәйкес Олимпиада және Паралимпиада ойындары жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне өмір бойы айлық жалақы төленеді.

Бұл туралы осы аптада Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігі хабарлады.

Қазіргі күнде мұндай жалақы алатын Олимпиада және Паралимпиада ойындары жеңімпаздары және жүлдегерлерінің саны Өзбекстанда 57 спортшыны құрайды.

Өзбек басылымы бұндай мәртебелі атақтан спортшылар қандай жағдайда шығарылатынын жазған.

«Егер спортшы Өзбекстан Республикасының азаматтығынан шықса немесе басқа елдің атынан жарысқа қатысса, Бүкіләлем антидопинг ұйымы тарапынан тыйым салынған препараттар қолданғаны анықталып, Олимпиада және Паралимпиада жеңімпаздығы жүлделері алып қойылса, сот шешімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылса яки өлім құшса, ондай жағдайда өмір бақи айлық төлем беру тізімі тоқтатылады», - деп жазады өзбекстандық БАҚ.

«Өмір бойы айлық жалақы алатын спортшыларға, халықаралық спорт жарыстарында алған жүлдесінің дәрежесіне байланысты жалақы беріледі. Алтын медаль үшін - ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшері; Күміс медаль үшін - ең төменгі жалақының 5 еселенген мөлшері; Қола медаль үшін - ең төменгі жалақының 5 еселенген мөлшерінде айлық жалақы төленеді», деп түйіндейді uza.uz.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қытай, Қандастар, БАҚ, Түркия,
Бөлісіңіз:

Автор:

Бейсен Сұлтан

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT