Абай облысының Жарма ауданында 3 адам иіс тиіп уланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл 23 наурызда сағат 12:59-да «101» пультіне Жарма ауданындағы Жаңғызтөбе ауылында 2 ересек адам мен 1 баланың улы газдан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпарат жинау барысында жер үйде қатты отынмен жылытылатын пешті (тазартылмаған түтін мұржасы) пайдалану ережелері бұзылғандықтан 1968 жылы туған ер адам мен 2016 жылы туған баланың иіс тиіп уланғаны және Жарма ауданының орталық аудандық ауруханасының реанимация бөлімшесіне жатқызылғаны анықталды.

Сондай-ақ, 1962 жылы туған әйел орта дәрежеде уланып дәрігерлердің тексеруінен кейін Жарма ауданының орталық ауруханасының қабылдау бөлмесіне жатқызылды.

Абай облысының ТЖД жеке тұрғын үй құрылыстарының иелерінен пештерді пайдалану кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:

- жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмау қажет;

- пеште жарықтардың болуы, бітелген мұржа қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін;

- пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға болмайды;

- көмір жанып біткенше пеш жапқышын жаппаңыз;

- жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы төсемеге орналастырмаңыз;

- жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пеш пен түтін жолдарының бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептірмеңіз;

- күл мен қожға су төгіп, қауіпсіз жерге шығару қажет;

«Естеріңізде болсын, улы газ қауіпті, ол тез әрі білінбей тарайды, сондықтан өмір мен денсаулық қабылданған шаралардың жылдамдығына байланысты. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар