Абай облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына басшы тағайындалды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Конкурстық процедуралардың нәтижесі бойынша Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы қызметіне Болат Әбдіралиев тағайындалды. ҚазАқпарат бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Болат Таңсықбайұлы еңбек жолын 1996 жылы «Қазфосфат» ЖШС-да бастады. 2003-2006 жылдары – зауыттың аға диспетчері, цех бастығының орынбасары.

2006 жылдан 2008 жылға дейін «Жамбылгипс» АҚ-да жабдықтаушы, кейін зауыттың техникалық директоры болып жұмыс істеді.

2009-2011 жылдары — «ДО КНИСГ» ЖШС ОҚФ жетекші маманы («Қытай мұнай инженерлік-құрылыс тобы» еншілес ұйымы).

2011-2016 жылдары – «САПАР-Консалтинг» ЖШС директорының орынбасары. 2016 жылдан бастап квазимемлекеттік секторда басшылық қызметтер атқарды.


Соңғы жаңалықтар