Абай облысының полиция қызметкері қазақ күресінен әлем чемпионы атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Абай облысының полиция қызметкері QAZAQ KURESI бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, әлем біріншілігі 13-20 қыркүйек аралығында Румынияның Констанца қаласында өтіп, оған 20 елдің спортшылары қатысты.

Полиция лейтенанты Сафуан Мұратбеков Қазақстан құрамасы сапында 74 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалдық белдесуде румыниялық спортшыдан басым түсті.

Сафуан - QAZAQ KURESI бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның және Азияның бірнеше дүркін чемпионы.



Фото: facebook.com/qriim.mvdrk





Соңғы жаңалықтар