Абай облысының бақылау басқармасына басшы тағайындалды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысының бақылау басқармасы басшысы лауазымына конкурстық рәсімдердің нәтижесі бойынша Азамат Байқазақов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азамат Қайырбекұлы Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында туған.

Қалалық мәслихат аппаратының нұсқаушысы, ШҚО құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының, ШҚО Құрылыс және сәулет басқармасының, ШҚО тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолдарды дамыту басқармасының бөлімдерінде еңбек етті.

ШҚО энергетика, ТҮКШ, құрылыс және көлік басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетейік, бақылау басқармасы мемлекеттік сәулет-құрылыс және еңбек инспекциясы мәселелерімен айналысады.

Еске салсақ, осыған дейін Абай облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына, дене шынықтыру және спорт басқармасына басшылар тағайындалғанын хабарлаған едік.
Соңғы жаңалықтар