Абай облысындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Абай облысындағы республикалық маңызы бар күре жолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды QazAvtoJol баспасөз қызметі.

«2022 жылғы 7 желтоқсан сағат 22.30-дан бастап ауа температурасының -30 С-тан төмен болуына байланысты Абай облысының барлық республикалық автомобиль жолдарында дизельмен жүретін және жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Төмендегі тасжолдар жабық:

«Семей-Ресей Федерациясының шекарасы»;

«Семей-Қайнар»;

«Омбы-Майқапшағай» 587-733 шақырым (Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейін) және 756-906 шақырым (Семей қаласынан Қалбатау ауылына дейін)» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар