Абай облысындағы өртті сөндіруге «Казавиақұтқару» мекемесінің тікұшағы тартылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Абай облысындағы өртті сөндіру үшін «Казавиақұтқару» мекемесінің тікұшағы тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, өртті сөндіру кезіндегі үлкен жүктемеге байланысты бірден 2 экипаж жұмылдырылды.

Бірінші экипаж құрамында: әуе кемесінің командирі Мұрат Мұсабеков, ұшқыш Әлішер Базарбаев, бортмеханик Сәбит Қожамжаров, бортоператор Берекет Тәжікбаев бар.

2 экипаж: әуе кемесінің командирі Евгений Гончаров, екінші ұшқыш Олег Альфеев, бортмеханик-нұсқаушы Евгений Зубенко. Инженерлік-авиациялық құрамда В2 жетекші инженері Сергей Долгов, В1 авиатехнигі Диар Сазанов ұсынылды.

Жедел деректер бойынша өртенген аумақ алдын ала дерек бойынша 1100 гектарды құрады. Өртті сөндіруге 200-ден астам адам және 100-ден артық техника жұмылдырылды.

«Қазіргі уақытта су төгетін құрылғының көмегімен 9 су рет төгілді. Жалпы көлемі 27 тоннаны құрайды. Жұмыс жалғасуда»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Абай облысындағы өрттің 1,1 гектарға тарағанын жаздық.


Соңғы жаңалықтар