Абай облысындағы өртті сөндіруге елдің үш өңірінен қосымша күштер жберілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрі министрі Абай облысы Бабаев орманшылығының аумағындағы өртті сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралдардың тобын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарлама бойынша, қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өртті жоюға төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінен, орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 167 адам, 47 техника, 3 тікұшақ жұмылдырылды.

Елді мекендерге қауіп жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі мен Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында жедел штабтар құрылды.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес өрт орнына Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменттерінен қосымша күштер мен құралдар жіберілді.

Қазіргі уақытта аумағы шамамен 2000 га құрайтын 8 квартал өртеніп жатыр.

«Өрт орнына ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов жіберілді»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар