Абай облысындағы өрт кезінде ерлік танытқандар марапатталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай облысында болған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі, әскери және қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

II дәрежелі «Айбын» орденімен:
1. Байдоллаев Нұрлан Қошқарұлы – Қорғаныс министрлігі 53975 әскери бөлімінің командирі;
2. Долдаев Дамир Талғатұлы – Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаментінің аса маңызды
істер бойынша аға тергеушісі;
3.Садықов Орал Жексенғалиұлы – Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаменті Бородулиха ауданы полиция бөлімінің бастығы.

III дәрежелі «Айбын» орденімен:

1. Баймұратов Думан Қайратұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
2. Қасымов Ілияс Ерғазыұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
3. Никифоренко Иван Юрьевич – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
4. Смайылов Рустам Қадырұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 24 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.
«Ерлігі үшін» медалімен:
1. Ақағалиев Ермек Жеңісұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
2. Әубәкіров Талғат Жұмақанұлы – «Целинное» ЖШС директоры, Абай облысы;
3. Белгібаев Бахтияр Станұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 9 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
4. Ермеков Мұхамед-Шәріп Әбсағитұлы –Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің командирі;
5. Жиренов Бекболат Маратұлы–Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мамандандырылған тобының бөлімше командирі;
6. Кенжебаев Ертай Мирамұлы –Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 16 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
7.Күдербеков Болат Оралұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
8. Қабдулин Арман Жанатбекұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
9. Мұхамет Мұрал Мұхаметұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
10. Нұрмұхамбетов Бақытжан Нұрмұхамбетұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
11. Сайдулаев Гилани Умарович – «Восток лес индустрия» ЖШС директоры, Абай облысы;
12. Хурай Өркен – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен:

1. Жанғазинов Талғат Ағыбайұлы – Қорғаныс министрлігі 28738 әскери бөлімінің бригада сержанты.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
1. Алексеев Алексей Владимирович – Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ Бөкебай филиалының Бөкебай орман өрт сөндіру станциясының өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі;
2. Лебединский Александр Петрович – Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» РМҚК Бородулиха авиациялық бөлімшесінің басшысы.


Соңғы жаңалықтар