Абай облысындағы орман өртіне 10 тікұшақ жұмылдырылды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Абай облысындағы орман өртін сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінен-5, Қорғаныс министрлігінен-3, Экология және табиғи ресурстар министрлігінен-2, яғни барлығы 10 тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның ішінде 2 тікұшақ аумақты аэровизуалды ұшуды жүргізеді. Бүгінгі таңда 130 тонна су шашылды (барлығы 298 төгінді, 745 тонна).

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметініңхабарлауынша, өртті сөндіруге жеке құрамның 800-ден астам адамы, 200-ден астам техника, 1 ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.


Қазіргі уақытта авиациялық және автомобиль техникасын пайдалана отырып, үш учаскеде өрт сөндіріліп жатыр. Сондай-ақ 68303 ТЖМ әскери бөлімінің және Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері жекелеген ошақтарды сөндіруде.

Қазіргі уақытта үш учаскеде авиациялық және автомобиль техникасын пайдалана отырып өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Жалпы жану аумағы шамамен 3500 га. құрайды.

Секундына 6-10 метр екпінді жел салдарынан, өртті сөндіру жұмыстары қиындап отыр. Сондай-ақ тығыз өсетін дақылдар мен тұзды жерлердің болуы да өрттің өршуіне әсер етуде.

Аудан әкімі Е. Селихановтың шешімімен Абай облысының Бородулиха ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.


Өртті сөндіру жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Абай облысының «Birgemiz волонтерлер фронт-офисімен өрт сөндіру орындарында волонтерлер, олардың ұйымдарының жұмысы ұйымдастырылып, үйлестірілуде.

ТЖМ мен Абай облысы ТЖД жедел штабтарының жұмысы жалғастырылуда, олардың міндеттері ТЖ аймағындағы жағдай туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау, қажетті ақпаратты беру; ТЖ күрделенуін және олардың салдарын болжау; ТЖ жою мәселелерін жедел шешу бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады. Сондай-ақ өрт орнында командалық-штабтық машинаның жұмысы жүргізілуде.

«Қазгидромет» деректері бойынша 24-26 мамырда Абай облысының Бородулиха ауданында секундына 15-20 метрге дейін екпіні бар солтүстік-шығыс жел күтіледі»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар