Абай облысындағы мектептерге 7 мыңнан астам камера орнатылды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысындағы мектептерге 7 мыңнан астам камера орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша мектептерге 7 280 бейнебақылау камерасы орнатылды.

«Білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. 157 мектепке дейінгі білім беру ұйымында 1 259 камера бар. Бірақ олардың ішіндегі 813 данасы (76%) ауыстыруды талап етеді, - дейді басқарма басшысы Нұржан Ахметқалиев.

Сондай-ақ 24 қосымша білім беру мекемесінде 223 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Осы мекемелердің барлығында дабыл жүйесі орнатылған.

«БҒМ бұйрығына сәйкес оқушылар саны 700-ден асатын білім беру ұйымдарында және облыс орталығында орналасқан мектептерде турникеттер орнатылуы тиіс. Абай облысы бойынша осы санатқа білім беру ұйымының 61 нысаны жатады. Турникеттермен қамтамасыз ету көрсеткіші 93,4% құрайды», - дейді Нұржан Ахметқалиев.


Соңғы жаңалықтар