Абай облысында жұмыссыздар саны қанша

Фото:
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингісінде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдегі жұмыссыздық мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында 2025 жылға дейін облыс бойынша 10,8 млрд теңгеге 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 57 нысанның құрылысын биыл бастау жоспарланып отыр. Облысты дамытудың кешенді жоспарына Семей қаласында 100,4 млрд теңгеге 5 медициналық нысанның құрылысы енгізілген», - деді аймақ басшысы.

Әкімнің сөзіне қарағанда, 2022 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 5% болған, 15 077 жұмыссыз адам бар.

«Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін экономиканың түрлі салаларында жаңа жұмыс орындарын құру шаралары қабылданып жатыр. Халық табысын арттырудың 2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама ұлттық жобалармен өзара байланысты. Сонымен қатар бағдарламада 3 негізгі бағыт анықталды.

Жастардың кәсіпкерлік бастамалары үшін 2,5% үстемемен шағын несиелер беру бойынша жұмыс басталды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге 100 млн теңге көзделген.

Шағын және орта бизнеске қолжетімділікті кеңейту шеңберінде биыл кредиттердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға – 500 млн теңге, шағын және орта бизнеске ішінара кепілдік беруге 100 млн теңге бөлінеді» - деді облыс әкімі.


Соңғы жаңалықтар