Абай облысында жолда қалған 20-дан астам спортшы эвакуацияланды

Фото:
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында жолда қалған 20-ға жуық спортшы, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жарысқа бара жатқан спортшыларға құтқарушылар көмегі қажет болды.

«12 қаңтарда сағат 22:39-да «112» қызметіне «Өскемен-Алматы» тасжолының 25-шақырымында, нақты айтқанда Аягөз ауданының іргесінде спортшылар отырған «Газель» маркалы автокөлік сынып қалғаны туралы хабар берілді. Көлікте 20-дан астам спортшы болды. Оқиға орнына №13 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өтімділігі жоғары «ВАХТА» техникасымен жетті. Барлығы 22 адам, оның ішінде 12 бала қауіпсіз жерге көшірілді», - делінген ақпаратта.

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар спортшыларды Аягөз қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне орналастырды.



Фото - Абай облыстық ТЖД

Соңғы жаңалықтар