Абай облысында жемқорлық қаупі қай салаларда басым

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысының сыбайлас жемқорлықтың тәуекел картасына экология, жер, көлік, инфрақұрылым салалары еніп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңірде сыбайлас жемқорлықтың тәуекел картасы жасалды. Бұл Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

Аталған тұжырымдама аясында жемқорлықтың алғышарттарын жою және оның деңгейін төмендету бойынша кешенді жұмыстар жүргізілмек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тетіктерін әзірлеу де көзделуде.

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына Абай облысы бойынша экология, жер, көлік, инфрақұрылым салалары енгізілген. Яғни, жаңа өңір құрылған кезде пайда болатын тәуекелдер ескеріліп отыр. Жаңа облыс үшін жемқорлық әрекеттердің алдын алу, тәуекелдерге талдау жасау, сыбайлас жемқорлықтың қай салада болмасын етек жаюына жол бермеу – басты міндет», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов.


Соңғы жаңалықтар