Абай облысында тұрғындардың орманға баруына уақытша тыйым салынбақ

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында тұрғындардың орманға баруына уақытша тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тиісті қаулысы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың Абай облысының мемлекеттік орман қоры аумағына баруына тыйым салынсын. Бұл бағытта халық арасында түсіндіру жұмысы жүргізілсін. Сондай-ақ, орман аумағына кіретін жерлер шлагбауммен жабдықталып, аумақтың периметрі бойынша тәулік бойы патруль ұйымдастырылсын» делінген қаулыда.

Құжатқа сәйкес, мұндай шара облыс аумағындағы орман алқаптарында өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында қабылданып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда тау баурайындағы құрғақ шөптен тұтанған өртті сөндіруге екі тікұшақ жұмылдырылғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар