Абай облысында «Tabysty otbasy» әлеуметтік жобасы басталды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысында желтоқсан айынан «Tabysty otbasy» әлеуметтік жобасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, желтоқсан айынан бастап «Tabysty otbasy» әлеуметтік жобасы қолға алынып отыр.

- «Отбасы» әлеуметтік-мәдени қоры тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың мүшелерін, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ата-аналарды және халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 29 жасқа дейінгі жас азаматтарды оқытуға және жұмысқа орналастыруға жағдай жасауға бағытталған бағдарламаны іске асырмақ. Негізгі мақсат - табысты ұлғайтуға жәрдемдесу, жобаға қатысушылардың санасын өзгерту, өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру, - делінген ақпаратта.

Жобаның бірегейлігі - әр жоба қатысушысына жеке даму картасын құру және қолма-қол ақша бермей өз ісін ашуға мүмкіндік беру. Оқыту бес бағыт бойынша жүргізіледі, атап айтқанда сұлулық саласы, әлеуметтік желілерді сүйемелдеу, тігінші, автодәнекерлеуші және кондитер. Толық ақпарат алу үшін 87054168696 телефон нөміріне хабарласуға болады.


Ашық көздерден алынған фото




Соңғы жаңалықтар