Абай облысында соңғы жеті жылда 20 мектеп бой көтерген

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Жаңадан құрылған Абай облысының орталығы – Семей қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 9,3 млрд теңгеге 11 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгіннен бастап облыс орталығына айналған Семей шаһарында және жаңа өңірдің құрамына кірген қала, аудандарда соңғы 7 жылда 20 мектеп, 4 балабақша, 3 студенттік жатақхана салынған.

Сондай-ақ осы уақыт ішінде 13 спорт, 4 мәдени және 3 медициналық нысан бой көтерді.

«Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының басым бөлігі бюджеттен тыс қаржыға салынды. Семейде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жеті жылда 16,7 миллиард теңгенің 79 жобасы бойынша келісім жасалған. Оның ішінде жалпы құны 7,4 млрд теңгені құрайтын 68 жоба аяқталды. Бірақ 9,3 млрд теңгеге тағы 11 жоба бойынша жұмыс әлі жалғасып жатыр», - деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтастық шеңберінде 13 млрд теңге тартылған.

Бұл қаражатқа Семей қаласы мен аудан орталықтарындағы көшелердің жарықтандыруын жаңғырту жұмысы да жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Абай облысының құрамына 8 аудан және 2 қала енгенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар