Абай облысында соғыс ардагері сайлау учаскесіне өзі келіп, дауыс берді

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Елеусіз Қинбаев сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

98 жастағы Елеусіз Қинбаев Абай облысы Көкпекті ауданы Ақтас ауылында тұрады. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.

Қария үйде емес, №383 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

«Бүгін сайлауға қатысып, өз дауысымды беріп отырмын. Халықты белсенділік танытып, дауыс беруге шақырамын. Себебі бұл ел болашағы үшін керек», - дейді Елеусіз Қинбаев.

Абай облысындаға 478 сайлау учаскесінде 416 030 адам дауыс беруге құқылы. Оның ішінде 2684-і - мүгедектігі бар адам.

Еске салсақ, осыған дейін сайлау күні шаңырақ көтерген семейлік екі жастың дауыс бергенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар